Жылыту маусымының басталуымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі тұрмыстық өрттердің саны артады. Олардың себептері көбінесе жылыту жүйелері мен қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін өрескел бұзу, пешпен жылыту, электр желісін шамадан тыс жүктеу, сондай-ақ әдеттегі немқұрайлылық болып табылады. Осындай немқұрайлылықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аянбай еңбек етуде.
Бәйдібек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Бәйдібек ауданы Шаян елді мекеніндегі ірі деген сауда дүкендеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында ақпараттық хаттар ұсынылды.
Сондай-ақ Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, № 24 өрт сөндіру бөлімінің және №35 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Сауран ауданы, Қарашық ауылының аумағында «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, жадынама парақтары таратылды.
Сайрам ауданында базарларда өрт қауіпсіздігінің ережелерін түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, Сайрам ауданы Қарабұлақ әкімі және аппарат қызметкерлері Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге Қарабұлақ ауылында орналасқан «Ынтық ата» базарының қызметкерлеріне және адамдар көп шоғырланатын орындарда «Өрт қауіпсіздігі», «Газ баллонды қауіпсіз сақтау және қолдану» ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.
Сауран ауданында өрт оқиғасын болдырмау мақсатындағы іс-шаралар жүргізілуде. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ағымдағы жылдың қаңтар айында аудан аумағында орналасқан барлық сауда орталықтары мен дүкендеріне өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама хаттарын таратуда. Нұсқама хаттарын таратудағы басты мақсат – базар әкімшілігі немесе басшылығын өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауын ескерту.
Кентау қаласы Қажымұқан көшесіне газ берілуіне байланысты тұрғын үйлерге жылыту маусымында улы газбен уланудың алдын алуға бағытталған өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау іс-шаралары өтті. 2023 жылдың 25 қаңтарында Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен және Кентау қаласының газ қызметкерлерімен бірлесіп, Кентау қаласы, Қажымұқан көшесінің тұрғын үйлерін аралап газ берілуіне байланысты, тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау, улы газбен уланудың алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.
Базарлар мен сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары Мақтаарал ауданында да жалғасын тапты. Бөлім бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ғ.Жұмаділов және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге базарлар мен сауда орындарының өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бөлім инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Жұмашов азаматтарға ескерту жадынамаларын таратты.