Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі мен улы газбен уланудың алдын алу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Қазығұрт ауданындағы №28 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірлесіп, 2023 жылдың 7, 8 ақпан күндері Қазығұрт ауданы Қ.Абдалиев ауыл округі Атбұлақ елді мекеніндегі тұрғын үйлерде жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелері және улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жасалып, жадынамалар таратылды.
Ал 2023 жылдың 10 ақпанында Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және № 6 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері, Қарасу ауылдық округі, Ақбай ауылының тұрғындарына «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газбен уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.