ӨРТЕНГЕН БАЗАРДЫҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Соңғы мәліметтерге сәйкес, «Күлпаршын» орталық базарын тазалау барысында 105 жүк көлігімен қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Базар аумағының 50%-дан астам бөлігі тазаланды. Шығарылған қоқыс көлемі 240 тоннаға жетті.

Сондай-ақ базардың жаңа жобасы жасалуда. Мамандардың айтуынша, жаңа жоба бойынша сауда нүктелері кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, әрі өрт қауіпсіздігі сақталатындай етіп салынады.

mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған