ӨНІМНІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЭКСПОРТ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙЕ ТҮСКЕН

Түркістан облысы, Шардара ауданында балық өңдейтін кәсіпорындар биыл 5 млрд теңгенің өнімін өндіріп, сексен пайызын экспортқа шығарды. Ауданда бес балық зауыты жұмыс істеп тұр. Өнімнің сапасы жақсы болған соң, экспорт ауқымы да кеңейе түскен. Қазір АҚШ пен Израиль, Түркия елдері де балық өнімдеріне тапсырыс бере бастады.

Балық зауытында жұмыс қызып жатыр. Мұнда балық өнімдерін өңдеу, тұздау, ыстау, жем шығару және вакуумдеу цехтары бар. Шабақтар Шардара су қоймасында өсірілсе, өзге балықтар Арал теңізі мен Зайсан, Балқаш көлдерінен тасымалданады. Ресейдің бірнеше қаласынан да жеткізіледі. Арнайы цехтарда сүйегінен ажыратылып, тұздалады. Тиімділігі сол, шикізат қалдықсыз өңделеді.

Шардара қаласында орналасқан «Хамит» ӘКК балық өңдеу зауыты мен 387 гектар аумақты алып жатқан балық тәлім бағында бар.

Айта кетейік, 2022 жылы “Іскер” арнайы сыйлығын Хамит ӘКК жеңіп алған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған