ӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰСЫНАРДА МЕМЛЕКЕТПЕН БЕКІТІЛГЕН ШЕКТІ БАҒАДАН АСЫРМАУЫ ТИІС

2023 жылғы 8 ақпанда Түркістан қаласында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізетін нарық субъектілері өкілдерінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған мұнай өнімдері бөлшек саудасы нарығына қатысты «Open space» форматында отырыс өткізілді.

Отырыс барысында жанар-жағар майдың бөлшек саудада мемлекетпен бекітілген шекті бағадан асырылмай сатылуы қажеттілігі және шекті бағадан асырып сатқан жағдайда, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің талаптарына сай әкімшілік жауапкершілік атап өтілді.

Жылдың басынан бері дизель отынын бөлшек саудалайтын нарық субъектісінің шекті бағадан асыру фактісі тіркеліп, нәтижесінде аталған нарық субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғалып қарау үшін сотқа жолданғандығы айтылды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіаталған нарықта қызмет көрсететін нарық субъектілерін мемлекетпен бекітілген шекті бағадан асырмай өз қызметтерін жүзеге асыруға шақырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған