ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҚСАТЫНДА ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫНА БАРДЫ

Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығын бұдан әрі дамыту аясында ҚР Самарқанд қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері мен қазақстандық тоқыма кәсіпорындары басшыларының Самарқанд қаласына сапары ұйымдастырылды. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш делегация құрамында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бастаған аудан кәсіпкерлері де бар.

Іс-сапардың алғашқы күнінде тоқыма және кілем бұйымдарын өндіру саласындағы кәсіпорындар басшылығымен байланыс пен келешекте өзара әріптестік орнату мақсатында, қазақстандық делегация «Үргіт» Еркін экономикалық аймағында орналасқан «YEC Gilam», «UrJeans», «Urgut Sanoat Service» компанияларына, сондай-ақ «SAG», «Samarkand Euroasia Textile» және “Kamalak Invest» кластерлік кәсіпорындарына барды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған