ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ МЫҚТЫ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Әлем бойынша қол күрес спортынан ең мықты «Шардара Армспорт» клубының спортшысы, әлемнің екі дүркін чемпионы Мағжан Шамиев өз таңдауын жасады.

Айта кетсек, ең алғаш рет 2001 жылдың 9-ақпан күні ауданымыздан қол күрестен облыс чемпионатына 12 спортшыдан тұратын құрама барған болатын. Міне дәл осы 9 ақпан «Шардара Армспорт» клубының күні болып белгіленген. Осы сәттен бастап, Шардара қол күресі даңғыл жолға қадам басты. Бүгінгі күні клубтың негізін қалаушы Арман Қарсыбаевтың қажырлы еңбегі мен темірдей тәртібінің арқасында «Шардара Армспорт» дүниежүзі бойынша ең мықты клубқа айналып отыр.

Қазіргі таңда «Шардара Армспорт» клубында 500-ден астам спортшы тұрақты түрде жаттығады. Мұнда қол күреспен қатар гір көтеру, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ, семсерлесу, найза лақтыру, ядро лақтыру, таэквондо, бокс, пауэрлифтинг сынды бірқатар спорт үйірмелері жұмыс істейді. Клубта 8 жастан бастап, ақысыз түрде кез келген адам спортпен айналыса алады. Сондай-ақ, мұнда жаттығатын балалар үшін тасмалдаушы автобустар қарастырылған.

Қазірге дейін, қол күресінен «Шардара Армспорт» клубынан:
102 – Әлем чемпионы;
99 – Әлем чемпионатының жүлдегері;
26 – Әлем кубогының иегері;
209 – Азия чемпионы;
50 – Азия кубогының иегері;
500 – Қазақстан чемпионы;
85 – спортшы Халықаралық турнирлердің жеңімпазы;
68 – Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 124 – Қазақстан Республикасының спорт шебері шыққан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған