ӘДІЛДІК ТУЫН ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ КӨТЕРІП ЖҮРЕЙІК!

Халық сенімі – ең құнды қазына. Елімізде өткен кезектен тыс Президент сайлауы осыны айғақтады.

Жеті жылға жүйелі жоспарлар түзіп, мықты мемлекет құруға бағытталған Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси тұғырнамасына ел азаматтары сенім артты. Жаңа Қазақстандағы жарқын бастамалар үшін сайлауда өз таңдауын жасады. Әлемдік аренада өзіндік орны бар Қазақстанды басқаратын лайықты басшысын сайлады.

Ендігі қоғамды дамытудың, елді өркендетудің басты құжатындай болған бағдарламада айтылған уәделер мен ауқымды істерді іске асыру қалды. Алайда, оны тек Президент қана іске асырады деген кереғар пікірден аулақ болуымыз керек. Мемлекеттің ең құнды қазынасы – халық болса, бір тудың астына жиналған барлық ел азаматтары әрбір жаңашыл бастаманы қолдап, күш-жігер беруіміз керек.

Дулат ӘБІШ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» телерадиокомпаниясының бас директоры

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған