ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТМРКД-ҒА БАРДЫ

2023 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаментіне барды.

Сапар барысында департамент басшысы Қанат Оралов 2022 жылы мен ағымдағы кезеңде монополистердің тарифтерін бекіту және бақылау бөлігінде атқарылған жұмыс туралы баяндады.

Сондай-ақ, электрмен және жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кейбір проблемалық мәселелер талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Департаментке бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған