Үндістанның екі азаматын іздестіру жұмыстары жалғасуда

 Түркістан облысының құтқарушылары 14 күн бұрын Төлеби ауданындағы Ақсу өзенінде суға батып кеткен Үндістанның екі азаматын іздестіруді жалғастыруда. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының құтқарушылары Төле би ауданындағы Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық екі азаматты іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгін екі шетелдік студенттің бірінің әкесі оқиға орнына келді. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов іздестіру жұмыстарының барысымен таныстырып, әрмен қарай жалғасатынын айтты.

Айта кетейік, 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы – Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқитын

Бұған дейін, іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері, 1 жүзу құралы мен 4 техникасы, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техника жұмылдырылғанын айтқан болатынбыз.

mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған