ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ – АДАМДЫ ҚҰТҚАРУ

19 қазан – Құтқарушылар күніне Төтенше жағдай қызметкерлерін кәсіби мерекесіне орай Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және өрт сөндіру бөлімі қызметкерлеріне арнайы аудандық мәдениет сарайында іс-шара болып өтті.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерін құттықтаған аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов:

– Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті адамдар өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты қызмет. Тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен білік және тәжірибе керек.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай келе, мерейлі мерекеде зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!
Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті адамдар өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты қызмет. Тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен білік және тәжірибе керек. Дегенмен сіздердің алға қойған басты міндеттеріңіз – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу,
– деп ізгі ниетін жеткізді.
Жиында Төтенше жағдай қызметінде қызмет етіп, ауданның азаматтық қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген бірнеше азамат аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік шара соңы мәдениет сарайының өнерпаздары ұсынған көңілді әндері шырқалып, көпшілік көңілінен шықты.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған