ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ АУРУХАНАҒА ЖЕТКІЗДІ

Түркістан облысының құтқарушылары жүкті әйел адамды дер кезінде ауруханаға жеткізді. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылдың 13 қаңтарында «112» қызметіне Бәйдібек ауданы Жарықбас ауылында бір жүкті әйел мен екі науқас адам аудандық ауруханаға жолдың қар басып қалуына байланысты жете алмай жатқандығы жөнінде туралы хабарлама келіп түсті.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 5 құтқарушы мен 1 бірлік трэкол жол талғамайтын көлігі дер кезінде жетіп, жүкті әйел мен екі науқасты аудандық ауруханасына жеткізді.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қандайда бір төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған