«ҚҰРМЕТ ПЕН СЫЙ САТЫЛМАЙДЫ ӘРІ САТЫП АЛЫНБАЙДЫ»

2023 жылдың 19 қаңтарында «Аманат» партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы Қ. Еркебаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жол бермеу» тақырыбында Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығы талқыланды.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жол бермеу», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №153 Жарлығын орындау бойынша «Аманат» партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы Қ. Еркебаев өз баяндамасын оқыды. Қызметкерлерге «Құрмет пен сый сатылмайды әрі сатып алынбайды» дегенді айтқан төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдауға қатаң тыйым салынатынын жеткізді. Ресми кездесулерден алынған сыйлықтар 7 күн ішінде мемлекеттік қорға тапсырылады. Жақсы жұмыс жасаған қызметкерлерге ауызша алғыс айту, жазбаша алғыс жазу, басшылығына жеке немесе үкіметтік емес ұйым атынан алғыс, диплом, тағы да сол сияқты марапаттар ұсынылатынын түсіндірді. Әдеп кодексінің талаптарын орындау әрбір қызметкердің ұстанымы болу қажет, теріс қылықтар жұмысты ілгерілетпейді, әрине, кері тартпаса.Тәртіп болған жерде жұмыстың тиянақты болатыны айтпаса да түсінікті.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған