ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕ АВТОКӨЛІКТЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ

Мақтаарал ауданының азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне «Жол жүрісі туралы» заңы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің жеке автокөліктері тексерілді.

Мақтаарал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №20 Өрт сөндіру бөлімі, №21 Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлеріне аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңы бойынша, жолда жүру және көлік айдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау және алкогольдік ішімдіктерді ішпеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарынан кейін қызметкерлердің жеке автокөліктері тексерілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған