ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ҮШІН БІРЛІК КЕРЕК

Елімізде 20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына да санаулы күндер қалды. Бүгінгі таңда кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері жер-жерде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өз бағдарламаларымен таныстырып жатыр.

Мұның барлығы ел тұрғындарының саяси сауаты мен белсенділігін арттыруға бағытталып жатқан жұмыстар. Себебі, барша қазақстандықтың бұл науқанға белсене атсалысып, өз таңдауын жасағаны зор маңызға ие.

Біз бұл сайлауда ел Президентін таңдап қана қоймай, қуатты мемлекет құруға атсалысамыз. Ал ол үшін ел тағдырына енжар қарамай, әр адам өзінің азаматтық ұстанымын танытқаны абзал.

Алдағы саяси маңызы зор науқанда белсенділік танытайық, құрметті Отандастар!

Полат Тұрсынбаев,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған