ҚАУІПСІЗ ҚАЛА АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы «Жастар Рухы» жастар қанаты мен бірігіп «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Қауіпсіз қала» акциясын өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акция мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын өрттен қорғау, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар бар тұрғын үйлерге және көп пәтерлі үйлердің, оның ішінде газдандырылған үйлердің қауіпсіздік деңгейін арттыру болып табылады.

«Қауіпсіз қала» акциясы 40 мыңнан астам тұрғыны бар Сауран тұрғын алқабында өтті. Газ қондырғыларының өрт қауіпсіздігі талаптарына сай орнатылғаны тексерілді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелері бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды. Тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысқаны туралы растау хаттар алынды.

Айта кету керек, Түркістан облысының жастары қоғамда болып жатқан жағдайларды назардан тыс қалдырған емес. Төтенше жағдайлар орын алғанда көмек қажет болған тұрғындарға өз қызметтерін ұсынды. Қандай жағдай болса да, алдыңғы шептен көрініп келеді. Ерікті жастар мүмкіндігі шектеулі жандардың, ардагерлердің аулаларын қардан тазартып беріп, алғыстарын алды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған