ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР БЕРІЛДІ

Түркістан облысының Келес ауданындағы Абай ауылы әкімінің орынбасары, аппарат қызметкерлері, Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары «ҚазТрансГазАймақ» Абай газ шаруашылығының қызметкерлері, Келес аудандық электр жүйесінің қызметкерлері Абай ауылы аумағында орналасқан базарлар мен кәсіпкерлік нысандары иелеріне өрт қауіпсіздігі мен келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында, қарапайым өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған мәселелер бойынша тиісті мамандар тарапынан бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша ескертулер берілді.

Сондай-ақ, сауда жасап жатқан азаматтардың сұрақтарына тиісті мамандар тарапынан кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған