Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сарыағаш ауданы аумағындағы тұрғын үйлерге жылыту маусымында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің, улы газбен уланудың алдын алу шараларын сақтау мақсатында жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарының жергілікті атқарушы органдарымен (Тұрғын үй инспекциясы, ҚазТрансАймақ, Газ инспекциясы) бірге аралау барысында Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы Бейсенов Мәмбет көшесі №22, №23 үйлерден кемшіліктер анықталып, газ инспекциясы мамандарымен пломба салынып, газ беру жұмысын тоқтату бойынша акт түзілді. Кемшіліктерді жою мақсатында төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары атқарылып, жадынама парақтары таратылды.
Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 13 ақпанында №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесе, Кентау қаласы Байылдыр ауылы Датқа көшесінде орналасқан «Балдәурен бөбекжай бала-бақшасына» ашық есік күнін ұйымдастырып, іс-шара өткізілді. Балдәурен бөбекжай балабақшасында тәрбиешілер мен балаларына, балалар қорғау, білімін артыруға, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарын насихаттап, патриоттық тәрбие беруге, сонымен қатар өрт қауіпсіздігін сақтау және көп қабатты үйлердің терезесінен балалардың құлап кету жәйттерін болдырмау бойынша әңгімелер айтылды. Сонымен қатар электр тоғына ұялы телефонды қосып ойнауға болмайтынын айтып, тәрбиешілер мен балаларға түсіндіріліп, жадынама парақшалары таратылды.