ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫН САҚТАУ – АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ ЖАУАПТЫ МІНДЕТІ

Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерге аудандық Тұрғын үй инспекциясының меңгерушісімен, жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен, аудандық «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлерімен және еріктілермен бірге тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Бөлім инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Жұмашов тарапынан көппәтерлі тұрғын үйлердің есіктеріне арнайы түсіндіру қағаздары ілінді.

Айта кету керек, жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау азаматтарымыздың өз үйлерінің жай-күйі мен өз туыстары мен жақындарының денсаулығына қамқорлық жасаудағы жауапты міндеті.

Мұндай қайғылы жағдайларды болдырмау үшін азаматтар қарапайым ережелерді сақтауы керек:

Біріншіден, кем дегенде үш айда бір рет мұржаларды уақытылы тазалау қажет;

Екіншіден, өлшемі кемінде 50-ден 70 см-ге дейінгі металл бұйымнан жасалған табақтың міндетті құрылғысы;

Үшіншіден, жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбау және жылыту құрылғыларын жаппау керек;

Төртіншіден, пеш пен ашық оттың жанында газ баллондарын сақтауға жол бермеу. Ұйықтар алдында және үйден кетер алдында газ жабдығының вентильдерін тексеру керек.

Бесіншіден, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған