ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАМАУ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ

Пешті қолдану ережелерін бұзу, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін. Көбінесе мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды.

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қазығұрт өндірістік учаскесінің мамандарымен бірлесіп, Қазығұрт ауданы аумағындағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аудан тұрғындарына ескерту мақсатында, Қазығұрт ауданы аумағындағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аралау барысында тұрғындарға «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, тұрғындарға жадынама парақшалары таратылды.

Тілсіз жаудың алдын алу бойынша шаралар Келес ауданында да жалғасын тапты. Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Келес ауданында орналасқан базарларда, ірі сауда орындарында «Өрт қауіпсіздігі талаптарын сактау» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар FM-89 радиосы арқылы «Сауда орындарында сақталуы тиіс өрт қауіпсіздігі ережелері» бойынша сұхбат берді.

Сайрам ауданында да сақтық шарасы бойынша шаруалар атқарылуда. 2023 жылғы 31 қаңтар күні Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, №6 өрт сөндіру бөлімінің, № 23 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Көлкент ауылының тұрғындарына «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.
«Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» және «Улы газдан уланудың алдын алу» жөнінде қысқаша тұрғындарға түсінік беріп, күнделікті тұрмыстағы ескере бермейтін жайларға мұқият болуды ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған