ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІНЕ САЛҒЫРТ ҚАРАМАҢЫЗ!

Қазығұрт ауданы аумағында жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, адамдардың улы газбен улану мен жарақаттануларын алдын алу бойынша Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Қазығұрт ауданындағы №28 өрт сөндіру бекеті қызметкерлерімен Қазығұрт ауданы Қ.Абдалиев ауыл округіндегі 264 тұрғын үйлерді аралап, 996 адамға өрт қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіріліп жадынамалар таратылып берілді.

Тұрғындарға төмендегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау ұсынылды:

– Үйлерде пештерін тексеруін және жөндеуін жылу беру мерзіміне дейін өткізу;

– Жылу беру мерзімінің басында және де 2 айда 1 рет барлық жылу мезгілінде пештерді және мұржаларды күйеден тазалау қажет;

– Шатырдың астындағы барлық түтін өтетін арналардағы дуалдарды және үйдің мұржасын әктеп шығу қажет;

– Ауа тазартқыш және газ арналарын мұржа қылып қолдануға болмайды;

– Бөлмені ауамен тазарту, таза ауаға жиі шығу, қозғалтқышы істеп тұрған автокөлікте ұйықтамау қажет.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған