ҚАТТЫ АЯЗ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары, 2023 жылғы қаңтар айының 9-ы мен 11-і аралығында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы аумағында -15 градус аяздан -23 градусқа дейін ауа райы күрт төмендеуі күтілуде. Қалың қар түсіп, қатты жел, боран болады. Қалың тұманның салдарынан Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа жолының көрінуі өте төмендейді.

Облыстық гидрометеорологиялық орталықтың дауылды ескерту хабарламасын назарларыңызға саламыз!

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары қалааралық алыс сапарға шықпауларыңызды сұраймыз.

Қатты аяз кезінде не істеу керек?

Қатты аяз техногендік өрттердің өсуіне, халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелеріндегі бұзушылықтарға байланысты апаттардың, көлік жұмысындағы бұзылулардың көбеюіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар халық арасында тоңазу, үсіп қалу және өлім жағдайларының көбеюі, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде жағдайлардың нашарлау ықтималдығы бар.

Осыған байланысты, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ауа температурасы өте төмен болған кезде далаға шықпауға, балалардың көшеде жүруіне жол бермеуге кеңес береді.

* Дауыл туралы ескерту алғаннан кейін туыстарыңыз бен көршілеріңізді ескертіңіз, өйткені олар бұл туралы естімеген болуы мүмкін.

* Қатты аяз болған жағдайда далаға шықпаңыз, жеке автокөлікпен ешқайда  бармаңыз.

* Егер сізге әлі де сыртта жүру керек болса, үсік алмас үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз.

* Аязды күні далаға қолғапсыз, бас киімсіз және шарфсыз шықпаңыз. Су және суық өткізбейтін, іші жылы биялай киген дұрыс. Табиғи материалдан тігілген қолғаптар ыңғайлы болса да, аяздан сақтамайды. Бет пен иекті шарфпен қорғауға болады. Желді суық ауа райында сыртқа шықпас бұрын, дененің ашық жерлерін арнайы креммен майлаңыз.

* Аязда металлдан (соның ішінде алтын, күміс) жасалған әшекейлерді – сақиналар, сырғалар және т.б. тақпаңыздар. Біріншіден, металл тез суық тартады, салдарынан теріге жабысып, адам жарақат алуы мүмкін. Екіншіден, саусақтағы сақиналар қалыпты қан айналымын тежейді. Жалпы, аязда жалаңаш терінің металмен жанасуын болдырмауға тырысыңыз.

* Желден қорғану керек, себебі желде үсіп қалу ықтималдығы әлдеқайда жоғары.

* Табаны сырғанамайтын аяқ киімді киіңіз, қажет болған жағдайда табанға жабысқақ лейкопластырь салыңыз.

* Абай болыңыз, әсіресе көшелерден, қиылыстардан өткен кезде, тек «өтуге болады» деген белгісі бар жерден өтіңіз, өйткені жүріп келе жатқан көлікті тоқтату үшін уақыт қажет.

Есіңізде болсын!

Қатты аяз және көктайғақ кезіндегі жол аса қауіпті орын болып табылады. Өз өміріңізді сақтаңыз. Балаларыңыздың қауіпсіздігі туралы ойланыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған