ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҚТАСТАРЫ ЖЕТІСУ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Жетісу облысының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламадағы аграрлық секторға қатысты басымдықтарды талқылады.

Ал шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде штаб мүшелері кандидаттың тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсыныстарын талқылады.

«Қоғамдық келісімді нығайту, жастарға дұрыс тәрбие беру және өскелең ұрпақтың бойына жасампаз құндылықтарды сіңіру ісінде зиялы қауым өкілдері айрықша рөл атқарады. Сіздердің жастармен әңгімелесіп, оларды белсенді болуға, 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырғандарыңыз маңызды», деді республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Жергілікті кәсіпкерлермен және шаруалармен кездесуде кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан шағын және орта бизнесті қолдау шаралары талқыланды. Бұдан соң, Балпық би ауылында штаб мүшелері Көксу қант зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, бизнес пен еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарға назар аударды. Сол күні штаб мүшелері өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың және жастар ұйымдарының басшыларымен бірге сайлауалды бағдарламаның Қазақстанды саяси жаңғыртуға арналған блогын талқылады.

Ерлан Қошанов жастарды сайлау науқанына белсенді атсалысуға шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған