ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҚТАСТАРЫ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Орал қаласында РҚШ мүшелері облыстың зиялы қауым өкілдерімен, қоғам белсенділерімен бірге кандидат ұсынған отандық мәдениет пен өнерді қолдауға және дамытуға арналған шараларды талқылады.

«Батысқазақстандықтарды алаңдатып отырған маңызды проблемалардың бірі – Жайық өзенінің тартылуы. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мемлекет саясатының маңызды басымдықтарының қатарында. Соған байланысты су ресуртарын тиімді пайдалану, қорғау және тазалау үлкен мәнге ие. Бұл бағытта қоғамның белсенді ұстанымы аса маңызды», – деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Штаб мүшелері «Жайықжылуқуат» АҚ алаңында өңірдегі коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен кездесіп, батысқазақстандықтарға Қ.Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. РҚШ мүшелері «Зенит» зауытының ұжымымен кездесіп, кандидаттың еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға арналған саясатына тоқталды. Сонымен қатар Штаб делегациясы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінде өңірдегі жас агрономдармен және инженерлермен жүздесті. Ашық пікірталас барысында қатысушылар сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген білім мен ғылымға қатысты басымдықтарға назар аударды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған