Кеше Түркістан облысының құтқарушылары Созақ ауданының Шолаққорған ауылынан 25 км жердегі аудандық маңызы бар «Шолаққорған-Түркістан» тас жолында тағы 57 адамды құтқарды. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райының өзгеруін үнемі бақылауда ұстауға кеңес береді. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтау қажеттігін естеріңізге салады.