ҚАРТТАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Отырар ауданы, М.Шойманов ауылының қарт тұрғындары мен денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмаған ауыл тұрғындары ҚР Президентінің сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады. М.Шойманов ауылындағы №507 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері қарттардың үйлеріне жылжымалы сайлау жәшігін ала келді. Тарихи сәттен қалыс қалмай, өз азаматтық ұстанымын білдірген қарт сайлаушылар жас ұрпақтың болашағы мен халқымыздың өркендеуіне жол ашатын маңызды қадам екенін айтып, ел амандығын тілеп ақ баталарын берді.
Айта кетейік, аудан көлеміндегі барлық сайлау учаскелерінде өздігімен келе алмайтын қарт кісілер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жылжымалы жәшік арқылы таңдау жасауға мүмкіндік қарастырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған