ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Төлеби ауданы аумағында қардан тазалау жұмыстары кешегі күннен басталып, әлі де толастаған жоқ. Облыстық маңызы бар жолдың ұзындығы 259,84 шақырымды құраса, оны қардан тазалаумен «Оңтүстік жолдары» мекемесі жүргізуде. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық «Жарық жол» коммуналдық кәсіпорны өзіне тиесілі аудандық маңызы бар 144,05 шақырым жолды, қала, ауылдық округтерде 680,1 шақырымды құрайтын ішкі көшелерді тиісті мекемелер қардан тазалауда.

Аудандағы автомобиль жолдарының ең қауіпті тұсы – көк тайғақ. Жолдар қардан тазаланғанымен, жұқа қар көп көліктің қызуымен күндіз еріп, ауа температурасының төмендеуіне байланысты түнгі уақытта мұзға айналады. Таңертең барлық жолдарда тайғақ орын алып отырады. Аталған жайтқа түсіністік танытып, жолда абай болыңыздар! Қардан тазаланған аймақтарға көктайғаққа қарсы құм-тұз, инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған