ҚАРАҚАТ ӘБДЕН: КӨПБАЛАЛЫ АНА БОЛУ – НАҒЫЗ ЕРЛІК

ҚР президенті болуға үміткер Қарақат Әбден Ақтөбе қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлауалды жиында үміткер жергілікті тұрғындармен, Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

Жиын барысында президенттікке үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, әлеуметтік сала, әйелдің қоғамдағы рөлі мен көпбалалы әйелдердің жағдайы туралы сөз қозғалды.

«Бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлемді тербеген көпбалалы аналар қоғамға, жастарға үлгі болу керек. Көпбалалы ана болу – нағыз ерлік. Бүгінгі кездесуге келген ақтөбелік әйелдер қауымы осының жарқын үлгісі бола алады. Олардың белсенділік танытып жүргені қуантады. Ел игілігі үшін әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дұрыс бағытта дамыту, ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасындағы бала тәрбиесі әйелдердің басты назарында екені белгілі болды. Өзім көпбалалы ана ретінде әйел-ана, қазақ қызы ұлт айнасына айналу керек деп санаймын», – деп атап өтті Қарақат Әбден.

Жиналған әйелдер қауымы бала тәрбиесіндегі тіл мәселесінің өзектілігін де тілге тиек етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған