ҚАРАПАЙЫМ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ ӨМІРІҢІЗДІ САҚТАЙДЫ

Қайғылы оқиғалар пешті жағу ережелерін бұзу және өмір мен денсаулықты сақтауға мүмкіндік беретін қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Аудан тұрғындарды ескерту мақсатында Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен №9 өрт сөндіру бөлімі мен №30 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Отырар ауданы аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Қызметкерлер Шәуілдір ауылы, Көксарай ауылы, Маяқұм ауылы Балтакөл ауылы ауылдарының тұрғын үйлерін аралады. Жұмыс барысында өрт сөндірушілер тұрғындарға өз қауіпсіздіктеріне жете көңіл бөлу керектігін ескертті. Сондай-ақ «Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудан тұрғындарына арнайы әзірленген жадынама қағаздары таратылды.

Өрт – тілсіз жау. Тілсіз жаудың алдын аламын десеңіз, қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажет. Жылу маусымы басталар алдында тұрмыстық пештер мен газ пештері тексеріліп,  маусымдық жөнделуі жұмыстарын жүргізу керек.  Пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтарды пайдалануға болмайды.

Пеште от жағу кезінде тыйым салынады:

– от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентай балаларды жалғыз қалдыруға;

– отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды оттық алдындағы қаңылтырға қоюға;

– пешті шамадан тыс қыздыруға жол берілмейді.

Егер сіз электр жылыту пешін пайдалансаңыз, мына қағидаларды қаперден шығармаңыз:

– электр жылытқыштар тек зауытта жасалған болуы маңызды. Қолдан жасалған құрылғылардан келер қауіп көп;

– электр жылытқыштарды жанғыш заттар мен жабуға, олардың үстіне жуылған киімдерді кептіруге болмайды;

– қосылған құралдарды үнемі бақылау қажет, үйден шығар кезде оларды міндетті түрде өшіру қажет.

Уақытша металл пештерді орнатқанда келесі өрт қауіпсіздігі талаптары толық орындалғанына көз жеткізіңіз. Металл пештердің аяқтарының ұзындығы 0,2 метр аз болмауы керек.

Пештің астындағы жану қаупі бар едендер саз балшықпен жапсырылған кірпіш қатарымен немесе үстіне болат қаңылтырмен жабылған қалыңдығы 12 см асбест қатты қағазымен оқшаулануы қажет.

Метал пештері ағаш құрылымдар мен жиһаздан 1 метр – жанудан қорғалған құрылымдардан 0,7 метр қашықтықта орнату керек.

Байқасаңыз, айтылған ережелермен жеңіл және оңай іске асырылады. Осыларды бұлжытпай орындау сіздің үйіңізді өрттен, жанұяңызбен туысқандарыңыздың және жақын адамдарыңыздың өмірімен денсаулығын сақтайтынын ұмытпаңыз. Сондықтан салғырттыққа салынуға еш негіз жоқ.

Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101» және «112» телефонына хабарласып, болып жатқан жағдайды, мекен-жайын асықпай толық түсіндіруге тырысыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған