ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Отырар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №9 өрт сөндіру бекеті және 30 өрт сөндіру бекеті қызметкерлерімен бірігіп ауқымды іс-шара ұйымдастырды.

Отырар ауданында орналасқан сауда орталықтарында және жеке тұрғын үйлерге, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы отбасыларға «тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», жылыту маусымына дайындық, жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу, жылыту маусымы қарсаңында жылыту құралдарын дайындыққа келтіру, құбырларын тазалауға, өрт оқиғасы, басқа да апаттар орын алған жағдайда «101», «112» телефонына хабарласу жайында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жаднама парақшалары таратылды.

Қаперлеріңізде жүрсін, улы газ пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудың салдарынан туындайды.

Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мүмкіндігінше уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ иіссіз болатындықтан, тыныс алу ауасының құрамында көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады (оның соңы өлім жағдайына алып барады).

Улы газдан улану кезіндегі қандай көмек көрсету керек?

Мұндай жағдайда зардап шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін бірінші кезекте уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші тыныс алмай жатса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Және «Жедел жәрдем» қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.

Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету де қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныс алу керек.

Улы газдан уланудың алдын алу жолдары қандай?

Расында, қарапайым қауіпсіздік шараларын барлығы да біледі. Дегенмен, улану орын алуда. Демек, кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталауға тура келеді:

– тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін тұрбасы сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

– пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін тұрбаларын уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз.

Құрметті азаматтар! Жоғарыда айтылған ережелерді сақтаған жағдайда, өзіңіз де, жақындарыңыз да қауіпті газбен уланудың құрбаны болмауының алдын аласыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған