ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ, ТҮЛКІБАС АУДАНДАРЫНЫҢ ТАУЛАРЫНДАҒЫ МҰЗДЫҚ КӨЛДЕРГЕ ӘУЕДЕН ШОЛУ ЖАСАЛДЫ

 Түркістан облысы еліміздегі ең аптап ыстық жоғары болатын аймаққа жататыны белгілі. Сондықтан тау мұздықтарының еруінен келетін қауіптің алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Биылғы шілде айындағы аптап ыстық облыстың барлық өңірінде дерлік көрініс бергені жасырын емес. Осы орайда тау мұздықтарына шолу жасалды. Айта кету керек Түркістан облысында таулы, далалы, орманды алқаптар бар.

2022 жылғы шілде айының соңғы апталары ауа райының күрт жоғары көтерілуі күннің жылынуы 45 градус цельсиге жетуі облыс тұрғындары мен төтеншеліктерді алаңдатпай қоймады. Селдің алдын алу үшін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Рахымбердиев, Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау  подполковнигі Б.Азимбаев, «Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлесіп, ЕС-145 тік ұшағы 4000 метр дейінгі биіктіктегі Қазығұрт, Төлеби,Түлкібас аудандарының тауларындағы мұздық көлдердің және Сайрамсу, Өгем, Майдантал, Балдыбрек, Ақсу бассейіндік өзендерге аэровизуалды шолу жасалып, сел қауіпі бар учаскелер қаралды. Нәтежесінде мұздық көлдердің жағдайы қалыпты, сел тасқынын төндіру қауіпі жоқ.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған