«ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ» ӨКІЛДЕРІ ТҰРСЫНБЕКОВАНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН НАУҚАН ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың жақтастары ерекше патриоттық акция өткізді. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері өз кандидатын қолдау мақсатында Ақмола облысының Софиевка ауылына бейнебаян түсіруге барды.

Құқық қорғаушы ұсынған бастамаларды қолдайтындарын білдіру үшін әйелдер қар басқан кең аумаққа шықты. Сондай-ақ акцияның түрлі жастағы қатысушылары атқа қонып, қолдарына Қазақстанның туы мен кандидаттың есімі жазылған үгіт жалауын ұстап, далада серуен жасады. Көріністі жан-жақтан сапалы етіп түсіру үшін дрондар пайдаланылды.

«Құрметті қазақстандықтар, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Салтанат Тұрсынбекованы қолдайды», – десті қор өкілдері.

Акция кандидат теледебатқа дайындалып жатқан кезде жүргізілді. Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова – қоғам қайраткері, құқық қорғаушы, екі баланың анасы. Ол соңғы жылдары елімізде ең көп талқыланатын және резонансты тақырыптардың бірі – отбасылық зорлық-зомбылықпен күресудегі көп жылғы қажырлы еңбегімен танымал.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған