Шаға ауылдық округі, Шаға елдімекені бойынша 3 тұрғын үй ішін және 50 тұрғын үй ауласын су алып, 120 тұрғын үйдің адамдарын көшіру жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен әкімшілік қызметкерлер 50-адам және жергілікті тұрғындардан 100-адам. Жалпы, 20 техникамен бөгет үшін 1350-дана құм қап қолданылған (3-погрузчик, 7-самосвал, 3-автобус, 3-эксковатор, Төтенше жағдайдан 4-дана техника). Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көшірілген адамдар туыстарының үйлеріне жайғасты. Эвакуацияланған жағдайда Ескі Иқан елді мекеніндегі жеке кәсіпкердің 100-орындық жатақханасы тұрғындарды қабылдауға дайын барлық жағдай қарастырылған. Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда.
Ал оранғайлық кәсіпкерлер игілікті іс атқаруда. Оранғай ауылдық округі, Оранғай елді мекеніндегі А.Жүсіпов көшесі тасқын су салдарынан көшеге өтетін жол бұзылған болатын.
Ауылдың белсенді тұрғындары мен жеке кәсіпкер Фархад Норметов және “Досан Ата» ЖШС төрағасы Айтжан Мухиддиевтің демеушілігімен үлкен тас жолы бойындағы труба құбырлары ауыстырылып, жол қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, Оранғай ауылы, Қосқорған ауылына шыға беріс жолын қалпына келтіру жұмыстарына ауыл тұрғандары мен жеке кәсіпкер С.Бохановтың көмегімен жүзеге асты. Барша жұмыла көтерген азаматтарға алғысымызды білдіреміз.