ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Шардара ауданына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы арнайы іссапармен келді. Е.Кенжеханұлы ең алдымен 2023 жылы күрделі жөндеуден өтетін Ақшеңгелді ауылында орналасқан 4-К-2-8, 4-К-2-9, 4-К-3-7, 4-К-4-4 ағын су каналдарымен танысып, ондағы инвесторларға ұсынылған 600 гектар жер учаскілерін қарап шығып, Қызылқұм ауылындағы ПУИД-2 жобасы аясында іске асырылып жатқан 5Р-3 каналындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Содан кейін, Алатау батыр ауылындағы «Шебер» ҚБ тігін фабрикасы мен «Сая» фермер қожалығындағы күріш өңдеу цехына барды. Ауылдық округтегі көптеген тұрғынды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындардың ісіне оң баға берді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары ауданнан салынайын деп жатқан қуаттылығы жылына 100 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы Жүгері дақылын тереңдетіп өңдейтін зауыттың жобасымен танысты. Зауытты Шардара қаласындағы Индустриялды аймақтан салу жоспарланған. Е.Кенжеханұлы зауыт салуға ниетті инвесторлармен кездесіп, құрылыс жұмыстары мен өндіріс орнының әлеуетін талқылады. Бұл зауыт іске қосылса 500 адамды жұмыспен қамту көзделген.

«Біз зауытты іске қоспай тұрып ауданнан жүегері дақылын егуге арналған жерлерді белгілеудеміз. Шикі зат қоры мол болу керек. Сонымен қатар Шардара ауданының дихандарынан жүгері шикізат ретін қабылдауға әзірміз. Ол үшін зауыт шаруларға көмектесуге дайын», – деді инвесторлар.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай зауыт құрылысына қажетті инфрақұрылым мәселесін шешуге аудан әкімдігі қажетті көмек беретіндігін атап өтті.

Бұдан бөлек, облыс әкімінің орынбасары «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытына барып, өндіріс технологиясымен танысты. Одан кейін, Шардара су қоймасының құрылыс жұмыстары мен ағын су тарифының мәселесі бойынша шаруақожалық иелерімен кездесті.

Шардара ауданында жүргізіліп жатқан ірі жобалардың бірі 12 192 гектар Жаушықұм массивін игеру жұмыстарымен танысты.

– Шардара ауданындағы бірқатар ірі жобалар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда болдым. Аудан үшін өте жақсы көрсеткіш. Алайда мәселеде жоқ емес. Шардара су қоймасының, ағын су тарифы, ішкі каналдарды жөндеу және өзге де бақылауға алынатын жұмыстар бар. Сондай-ақ, Шардара ауданындағы Жүгері дақылын тереңдетіп өңдеуге бағытталған зауыт құрылысының жобасын көрдім. Бұл жоба іске асса аудан халқынан бөлек, бүкіл облыс үшін әлеуеті зор кәсіпорын болғары тұр. Ал біз зауыт салуға ниетті инвесторларға барынша көмек беруіміз керек деп ойлаймын», – деді Е.Кенжеханұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған