ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТ СӨНДІРУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, қала аумағындағы адамдар көп шоғырланған жерлерге, сонымен қатар «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлеріне және тұрғындарға «Алғашқы өрт сөндіру құралдарының қолданылуы», «Өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған жадынама парақшаларын таратты.

Айта кету керек, халыққа қызмет көрсету орталықтары ғана емес, барлық кәсіпорындар өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Өрт сөндіру құралдарының нормалары ескертулерде көрсетіледі. Нысандарда өрт сөндіру құралдарының тізімі, өрт сөндіру қондырғылары және оларды қолдану ережелері болуы қажет.

Өрт сөндіру құралдарын өрт сөндіру қорғанысының келісімімен орналастыру керек. Пункт пен нысан тобының ара қашықтығы 100 метрден, ал өрт қаупі бар нысандарына дейінгі ара қашықтықтың 50 метрден аспауы тиіс.

Өрт қауіпсіздігіне өрт техникасын, шаруашылық өндірістік және басқа қажеттіліктер үшін қолдануға болмайды. Көпіршікті өрт сөндіргіштердің жарамдылығын жылына бір рет тексеру қажет.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған