ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР ТОҚАЕВТЫҢ ШТАБЫНДА БОЛДЫ

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына ТМД Байқаушылар миссиясы штабы басшысының орынбасары Олег Кулеба бастаған халықаралық байқаушылар келді.
Байқаушыларды сайлауалды штабтың жұмысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек пен ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев таныстырды.
Штабта «AMANAT», ҚХП, «Ақ жол» партияларының, түрлі қоғамдық бірлестіктердің, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері жұмыс істейді.

Таяуда Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кандидаттың экологияны жақсартуға арналған басымдықтарын талқылады. Орал қаласында республикалық қоғамдық штаб мүшелері облыстың зиялы қауым өкілдерімен, қоғам белсенділерімен бірге кандидат ұсынған отандық мәдениет пен өнерді қолдауға және дамытуға арналған шаралар туралы да пікір алмасты. Сондай-ақ Штаб мүшелері «Жайықжылуқуат» АҚ алаңында өңірдегі коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен кездесіп, батысқазақстандықтарға Қ.Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған