УЛЫ ГАЗДАН УЛАНЫП, ОҚИҒА ОРНЫНДА ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Түркістан облысында Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау нәтижесінде 3 адам улы газдан уланды, оның біреуі қайтыс болған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Сайрам ауданы, Манкент ауылында 3 адамның улы газдан уланғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Үй ішінде өрт болғаны байқалмаған. Үйде қатты отынмен жылыту пешін пайдалану қағидаларын бұзғандықтан, пештің мұржасы тазартылмағандықтан 1995, 1974 және 2004 жылы туған үш адам улы газдан уланған. Барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары. Қазіргі таңда екі азамат ауруханаға жатқызылды, жағдайлары ауыр. Ал 2004 жылғы туылған жасөспірім улы газдан уланып оқиға орнында қайтыс болды.

Улы газдан уланудың себептері:

– пешті жылытуды пайдалану қағидаларын бұзу (пеш жапқышын уақтылы жаппау, отынға таза ауаның жеткіліксіз қолжетімділігі, нашар тарту).

– пеш пен мұржаның дұрыс жұмыс істемеуі (пеш құрылымындағы жарықтар, бітелген мұржа).

– адамның өрт ошағында болуы, оттегінің жетіспеушілігі жағдайларында тұрмыстық газдың жануы және желдетудің нашар болуы;
Төтенше жағдайлар министрлігі газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған