УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Улы газ – көрінбейтін жау. Өйткені оның түсі де, иісі де жоқ. Адам өзіне қауіп төнгенін көрмейді, сезбейді. Газ ауамен араласып өзінің улағыш қасиетін жоғалтпаған күйі тез тарайды. Өкінішке қарай, күн суыта бастаған кезде тек өрттен емес, улы газдан улану жағдайларының саны өседі. Осындай қайғылы жағдайлардың орын алмауы үшін Түркістан облысы Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері бүгіннен алдын алу бойынша аудан-аудандарда жұмыстар атқаруда.

Сайрам ауданы Қарасу ауылында Төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша «Сенбілік» рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және №6 Өрт сөндіру бөлімі мен №17, №23 Өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері, әкімшілік, Еріктілерді тарта отырып, Қарасу ауылының тұрғындарына және жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне барып, «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газбен уланудың алдын алу» бойынша күрделендірілген «Сенбілік» рейдтік іс-шаралар жүргізді. Сонымен қатар, «Elnur TV» телеарнасы арқылы Басқарманың аға инженері азаматтық қорғау капитаны Н.Мекембаев аудан тұрғындарына және қонақтарына жоғарыда аталған тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №14 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының еріктілер құрамы бірлесіп, жаппай, 2022-2023 жылдың жылыту маусымы басталмас бұрын Сарыағаш ауданындағы қала және ауылдардағы әлеуметтік осал топтардағы отбасыларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге «Өрт қауіпсіздігі» талаптарын және «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыбында арнайы жадынама парақшалары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Адамдар көп шоғырланатын жерлерге қауіпсіздік плакаттары орналастырылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған