ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Сауран ауданының әкімдігі тарапынан аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметтік қажеттілікке байланысты, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда аудан әкімдігінің теңгерімінен департаменттің теңгеріміне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 6 дана мотопомпа, 3 генератор, 10 фонар, 3 дана аккумуляторлық дрель, 20 дана өрт сөндірушінің балтасы, 2 дана бензопила, 10 дана құтқаруға арналған жилет, 2 дана мотопомпа жеңдері, 2 дана комби ножница, 1 дана экшн-камера, 2 дана үрленетін қайық, 3 дана дәнекерлеу аппараты, 2 дана болгарка, 1 дана толықтандырылған водолазный костюм, 2 дана дүрбі, 4 дана универсальды кілттер, 2 дана болгарка, 2 дана перфоратор, 20 дана ранцевый өрт сөндіру құралы, 4 дана жылытқыш, 2 дана аккумулятор зарядтағыш, 25 дана плащнакида, 1 дана 12 тонналық домкрат алынды.

Естеріңізге саламыз, Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Шаға елді мекенінде орын алған ауа райының қолайсыздығына байланысты жауын-шашынның шамадан тыс жаууына және жауған қар, мұздықтардың еруіне байланысты арық атыздардан судың тасуына байланысты төтенше жағдай орын алған болатын.

Қазіргі таңда аудан әкімдігінен жедел шара қабылданып, елді мекенде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, елді мекенге табиғи газ төтенше жағдай орын алған кезде уақытша ажыратылып, қазіргі таңда қайта берілді.

Осы бойынша Шаға елді мекенінің тұрғыны Забидулла Ибадуллаев қалпына келтіру жұмыстары бойынша тиісті жұмыстарды атқарған азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Сейденбек атқарылған жұмыстар бойынша баяндап өтті. Қазіргі таңда жағдай тұрақты.

Табиғаттың тосын мінезінен ауыз су құбырлары да жарамсыз болып қалған еді. Аудан әкімдігі тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш елді мекенде ауыз су жүйелерін ауыстырып, қайта жалғау жұмыстары уақытпен санаспай өз деңгейінде атқарылуда. Бір топ елді мекен тұрғындары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға өз алғыстарын білдіруде.

Сонымен қатар, орын алған су тасқыны бойынша ауыл тұрғындарының ауласына су кіріп, залал келген жәйттерге байланысты арнайы комиссия құрылып, түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, Шаға елді мекені бойынша анықтау жұмысы барысында қазіргі таңда 40-қа жуық тұрғын үй анықталып, кеткен шығындар есептелініп, ақау актілері түзілді. Арнайы комиссияның шешімімен келтірілген шығындар есептелінуде. Бұл бойынша тиісті анықтау жұмыстары әлі де жалғасуда.

Өз кезегінде Бабайқорған ауылдық округінде орын алған төтенше жағдайға Абай ауылының тумасы, үнемі қайырымдылық істерімен танылып жүрген, жеке кәсіпкер Сержан Байсбаев алғашқылардың бірі болып меншігіндегі 3 дана Элька техникасымен және 3 дана жүк тасушы хово көліктерімен Бабайқорған, Абай елді мекендеріне көмек қолын созып, елдің ықыласына бөленді. Өз демеушілігімен 3 күн бойы өзен арнасын бекіту, тоспа салу, тас жою жұмыстарын атқарды.

Сонымен қатар, Абай ауылының тұрғыны Нұрахмет Елеусізұлы өзінің жеке Элька погрузчик техникасымен Абай ауылындағы су тасқынында көмек қолын созып, тынымсыз еңбек етті. Табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұрып, “жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, “бір жағадан бас, бір жеңнен қол” шығарып ұйымдаса білген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған