ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Қ.Таукебаев төрағалығымен кезекті аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мәжілісі өтті. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаралған сұрақтар:

1. «Эвакуациялық іс-шараларды орындауға эвакуациялық комиссияның дайындығы туралы».

2. «Эвакуациялық халықты жинау, тіркеу және жөнелтуді ұйымдастыруға ауданның Эвакуациялау жинау және қабылдау пунктерінің дайындығы».

3. Аудан аумағында эвакуациялық жинау және эвакуациялық қабылдау пункттеріне бекітілген халықтың, ұйымдардың, мекемелердің көліктің санын пысықтау.

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі – уақытша көшіру (эвакуация). Оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады.

Тұрғындарды толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.

Уақытша көшіру шаралары:

– ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін, өндірістік принцип бойынша халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

– көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға: санатталған қалалардың халқын радиоактивті және химиялық зақымдану туралы дер кезінде хабарлауды ұйымдастырумен, адамдарды жекелеген таныс қорғау құралдары мен қамтамасыз етумен, баспаналарда, радиацияға қарсы баспаналарға және басқа да қорғаныс ғимараттарында жасырынумен, зақымдану аймағынан тасып шығарумен, радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен, радиацияға қарсы профилактика, обьектілерге, техникаларға, жабдықтармен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен, өзін-өзі қорғау әдістеріне үйретумен жетеді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған