ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Күннің күрт жылуы толассыз жауған қардың еруіне және ауа райының болжамына сәйкес алдағы күндердегі жауын-шашын, арық-атыздар мен өзендерде су деңгейінің көтерілу қауіпін тудыруы мүмкін. Осы орайда, орын алу мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында арнайы су соратын құрал-жабдықтарды тексеру және су тасқыны орын алған жағдайда жауапты мамандардың іс-әрекетін пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаттығу жиынына аудан әкім Нұрлан Байғұт арнайы қатысып, әр округке бекітілген су сору құрылғыларын істе тексерді. 

Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес соңғы лездемелік жиынында округ, кенттерде қажетті құрал-саймандар мен құм, қап және техника белгіленген алгоритмге сәйкес шұғыл іс-әрекетке дайын болуын тапсырған болатын.

Бүгінгі таңда ауданда төтенше жағдайларды алдын алу бойынша арнайы штаб құрылған. Аудан аумағында барлық ауылдық округ, кенттерде арнайы 264 қызметкер бекітіліп, 61-түрлі ауыр техника(трактор, экскаватор), 10-адамдарды эвакуациялауға аналған автобустар, 20-су сору құрылғысы(мотопомпа), 121 мың тонна құм, 7 мыңға жуық қап және түрлі құрал-саймандар(күрек, кеппен және т.б.) әзірленді.  

Гидротехникалық құрылыстардың жағдайы төмендегідей:

«Құлан» су қоймасы су жинау көлемі 1,7 млн. текше метр, қазіргі таңда нақты жиналған су көлемі 1,0 млн текше метр.

«Сарытөр» су жинау көлемі 1 млн. текше метр, қазіргі таңда нақты жиналған су көлемі 0,6 млн. текше метр, техникалық жағдайы қанағаттанарлық.

Құлан», «Сартөр», су қоймаларының су деңгейі жылдағымен салыстырғанда мөлшерінен аз. Тәуліктік кезекшілік құрылған «Құлан» су қоймасы 150 л/с , апатты су қашыртқысы арқылы жіберілуде. Қазіргі таңда бақылауда.

Бүгінгі таңда су тасу қауіпін жою мақсатында арық-атыздарды және су өтетін құбырлар мен көпірлердің астын тазалау жұмыстары жалғасуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған