ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түлкібас ауданының кезекті төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысы өтті. Жиында 2022-2023 жылғы қысқы кезеңдерде Төтенше жағдайлардың алдын алу жағдайы талқыға салынды.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері, ауыл округі, кент әкімдері, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін мердігер мекеме басшылары, бірқатар тиісті мекемелер қатысты.

Күн тәртібінде:

1. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 2022-2023 жылғы қыс мезгілінде көлік қатынасының үзілмеуін және төтенше жағдайдың орын алмауын қамтамасыз ету мақсатындағы дайындық шаралары туралы.

2. 2022 – 2023 жылғы қыс маусымында аудан тұрғындарын, мекемелерді үздіксіз табиғи газбен, жылумен, электр қуатымен, және қауіпсіздік іс-шараларының орындалуы туралы.

3. Су тасқынының алдын алу Машат ауыл округі, Зират қорымына және шаруа қожалықтарының жер телімдері шайылуы қаупінің алдын алу мақсатында, Арыс өзені арнасын бұру туралы.

4. Газдан уланудың алдын алу туралы мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Бейсеев өз баяндамасында республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін мердігер мекеме техникалары саны, минералды қорларының көлемі, Жылыту пунктерінің дайындығы туралы айтып өтті. Кестеге сәйкес жолдарға қызмет көрсететін мекемелердің базасын комиссиямен қарап шығу тапсырылды.

Екінші мәселе бойынша аудандық «Оңтүстік Жарық» ЖШС Түлкібас филиалы басшысы А. Досов, Газ шаруашылығы басшысы Б. Балтабаев баяндама жасады. Барлық мекемелерге электр қуаты мен табиғи газ тұрақты дайындыққа келтірілгенін ескертті.

Үшінші мәселе бойынша қажетті құжаттары түгенделіп, комиссияның қарауына ұсынылды.

Төртінші мәселе бойынша жылыту маусымында ирандық үлгідегі камин пештерін қолдануға қатаң тыйым салу үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аудандық төтенше жағдайлар басқармасы, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, аудандық полиция басқармасы, ауыл округі, кент әкімдері, Газ шаруашылығы қызметкерлеріне тапсырылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған