ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Келес аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия төрағасының орынбасары С. Жылкыбаевтың төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:

1.Тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2. Аудан аумағындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы.

3. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары.

4. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру, байланыс жүйесі мен халықты хабарландыру шаралары туралы.

5. Азаматтық қорғаныс іс-шаралары туралы.

Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Ғ. Қамбаров жылыту маусымы кезінде тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы баяндама оқыды. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғау басқармасының аға офицері капитан Б. Құрмаш кешенді оқу-жаттығу жүргізу тәртібі туралы баяндады.

Комиссия отырысын қорытындылай келе С. Жылкыбаев хаттамалық шешімімен комиссия мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған