«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС»

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, Сауран ауданы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың барысы туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Қуанышбаев, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында кәсіпкерлерді 2,5 пайызбен несиелендіру жұмыстарының барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Оразбаев, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағытында атқарылған жұмыстардың барысы туралы аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Н.Қарабаев, Сауран ауданында азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру бойынша Түркістан қаласы мен Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының басшысы Д.Нұржанов баяндама жасады.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Қуанышбаевтың мәлімдеуінше 2023 жылдың қаңтар айында төтенше жағдай комиссиясының 2 отырысы өткізілген. Әр өткізілген жиында комиссия құрамының мүшелеріне және ауылдық округ әкімдеріне ақпан айында күн жылынып, жауын-шашынның болатыны ескертілген. Бұл бойынша су арнасы жүретін арық-атыздарды тазалау және қапшықтармен құмдарды дайындау бойынша тапсырмалар берілген. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдеріне арнайы хат жолданған. Эвакуациялық комиссия отырысында азаматтық қорғау қызметтеріне өз салалары бойынша тиісті жұмыстардың атқарылуы мен міндеттері түсіндірілген. Су тасқыны орын алған жағдайда оларды эвакуациялау үшін халықты уақытша қабылдау орындары алдын ала дайындалған. Сонымен қатар, төтенше жағдай комиссиясының отырысында су тасқынына дайынмен деген ауылдарда ешқандай дайындық шаралары жүргізілмегенін жеткізді. Соның салдарынан Сауран ауданы бойынша Бабайқорған, Шаға, Майдантал, Оранғай ауылдық округтеріндегі елді мекендері топан су алып, тұрғын үйлердің ауласын су басқанын атап өтті. Бұдан бөлек, көктем кезінде жауын-шашынның жиі болатынын және таулы аймақтардан түскен қардың қарқынды еруінен болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша ұсыныстарын білдірді.

Атап айтқанда ауыл шаруашылық бөліміне және ауылдық округ әкімдеріне егістікке пайдаланылған канал арықтарды күзгі жиым-терім аяқталған соң су арнасын қайта жабуды қадағалау, электронды түрде қауіпті аумақтарды белгілеп, карта жасау, қауіпті учаскелер мен гидротехникалық құрылыстарды зерделеп, қажетті шаралардың қабылдауын, аудандық тұрғын үй коммуналдық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тасқынға қарсы инертті материалдарды әзірлеу керектігін айтты.

Бұдан соң 12 ауылдық округ әкімдері аудан әкіміне су тасқынының алдын алу бағытында арнайы жасаған карталары бойынша қауіп келетін арналар туралы атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Оразбаев «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында кәсіпкерлерді 2,5 пайызбен несиелендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті. Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған пилоттық жобасы аясында облыстағы 16 ауданға республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге қаралған. Пилоттық жоба болғандықтан әр ауданнан 2 ауылдық округ тұрғындарын негізгі 6 бағыт бойынша қаржыландыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығын мал шаруашылығын, құс шаруашылығын, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін ашу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Облыс әкімдігі тарапынан ауданға сүт, құс өсіру, қайта өңдеу, жылыжай бағытын қолға алуды тапсырма ретінде ұсынып отырғанын мәлім етті.

Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысушы ретінде Сауран ауданына қарасты Қарашық және Оранғай ауылдық округтері таңдалып отыр. Себебі, аталған ауылдық округтерде кооперацияға бірігіп жұмыс істеу тәжірибесі бар. Қайта өңдеу кәсіпорыны мен жұмысы тоқтап тұрған фермерлік жылыжайлар бар және ауласында негізінен көкөніс өсіріледі. Бүгінгі күнге ауылдық округтер әкімдіктері тарапынан әлеуетті қарыз алушылардың тізімін жасақтау жалғасуда. Жұмысшы топ құрылып, несие алуға қажетті кепіл нысанының құжаттарын жинақтау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге екі ауылдық округте 165 адам несие алуға ниет білдіріп отыр. Өтінім бойынша қажетті қаражат көлемі – 1060,8 млн. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, бүгінгі күнге жылыжай кешенін салу және жаңарту бағыты бойынша – 41 адам және құс шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша 9 адам, көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бағыты бойынша – 19 адам несие алуға ниет білдіріп отырғанын жеткізді.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған