ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 4,43 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында экологиялық туризм жақсы дамыған. Аудан аумағында «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің біраз аумағы орналасқан. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда ауданда аумағында 40 орналастыру орны және 2 емдік-сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысымен Төлеби аудан аумағындағы орналастыру орындарымен 34 552 адамға қызмет көрсетілген. Сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 70 706 мың келуші келген.

Бұдан бөлек, 2022 жылдың қорытындысымен Төлеби ауданының туризм саласына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 4,43 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 326% пайызға артқан (2021 жыл – 1,36 млн. теңге). Оның ішінде, Бірінші мамыр ауылында демалыс аймағы, «Vivood» демалыс аймағы, «Алматау» тау курорты маңында қосымша ғимараттар іске қосылды.

Төлеби ауданының туристік инфрақұрылымын жетілдіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде, Қасқасу ауылы, «Сайрам-Өгем» МҰТП-нің территориясына дейінгі 11,8 шақырымды құрайтын кіреберіс жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған