ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ТАРИФТЕРДІ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛЫМЕН 20055,015 ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың қаңтар айында 2021 жылғы тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептерді талдау қорытындысы бойынша 4 монополист бойынша төмендетілген тарифтерді бекітті.

Тарифтердің төмендеуі монополистердің тарифтік сметада көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуға әкеп соқты.

Осылайша, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап тарифтер төмендетілетін болады:

  • «Түркістан су» МКК-ның тұтынушыларына:
  • суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 1000 теңге м3 үшін 77,17-ден 74,39 теңгеге дейін немесе (-3.6%) 8 924,72 мың теңге мөлшерінде;
  • сарқынды суларды бұру қызметіне тарифті 1000 теңге м3 үшін 110,12-ден 105,38 теңгеге дейін немесе (-4.3%) 6 233,15 мыңтеңге мөлшерінде;
  • «Түлкібас әк зауыты» ЖШС-ның тұтынушыларына бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тариф 1 902,88 ден 1 698,0 теңге/вагоно-км төмендеді (-10,76%) 383,29 мың теңге мөлшерінде;
  • Арыс қаласының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ШЖҚ «Арыс су шаруашылығы» МКК-ның тұтынушыларына суды арналар арқылы беру қызметіне тариф 1000 теңге м3 үшін 330,92 ден 139,35 дейін төмендеді (-57,89%) 4077,085 мың теңге мөлшерінде;
  • «Кәусар-Сарыағаш» ЖШС-ның тұтынушыларына бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тариф 1 373,64 ден 920,45 теңге/вагоно-км төмендеді (-32,99%) 436,77 мың тенге көлемінде;

Монополистер негізсіз алған кірістің қайтарылатын жалпы сомасы 20 055,015 мың теңгені құрайды.

Бұл сома тұтынушыларға жоғарыда аталған монополистердің қызметтеріне тарифтерді төмендету жолымен қайтарылатын болады.

Тарифтерді төмендету туралы бұйрықтар 2023 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енгізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған