Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов орын алған ауа райының қолайсыздығы мен мөлшерден тыс көп жауған қардың салдарынан қала, кент, ауылдық округтерде уақытша орын алып отырған қолайсыздықтарды жою, автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына қауіпсіз жағдай жасау мақсатында қала, кент, ауылдық округ әкімдерімен, жауапты коммуналдық сала басшыларымен, аудан әкімінің орынбасарларымен мәжіліс өткізді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Басқосу барысында әрбір елді мекенде атқарылып жатқан қар тазалау және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарының барысы баяндалып, негізгі бағыттары тағы да бір нақтыланды.
Барлық әкімдер мен сала басшыларына, аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбековке бірінші кезекте елді мекен ішіндегі мектептер мен балабақшаларға, денсаулық сақтау мекемелері мен ішкі көпірлерге, дүкендер мен тұрғындар жиі жүретін жолдарға тұз аралас құм себу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.