Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды желтоқсан-қаңтар айларында қардың көп түсуін ескере отырып, көктемгі қар еру кезінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту үшін тиісті тапсырмалар берген болатын.
Осыған орай, «Тұран су» мекемесі өз теңгеріміндегі су нысандарында арнайы техникалар көмегімен мұздарды ою, өзен арнасын мұздақтардан тазарту жағаны бекіту секілді жұмыстарды жүзеге асырып келеді.
Бүгінгі таңда мекеме тарапынан су нысандарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып арнайы штаб та құрылған. Нәтижесінде бүгінгі таңда судың деңгейі мен мұздың қалыптасу жағдайы мекеме мамандарының тұрақты бақылауында тұр.