Кентау қаласы Наурыз көшесіне газ берілуіне байланысты және қатты отынмен жағатын тұрғын үйлерге жылыту маусымында улы газбен уланудың алдын алу бағытталған өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен және Кентау қаласының газ қызметкерлерімен бірлесіп, Кентау қаласы, Наурыз көшесінің тұрғын үйлерін аралады. Тұрғындармен кездескен қызметкерлер табиғи газ берілуіне байланысты және қатты отынмен жағатын тұрғындарға пешті жағар алдында құбырларды уақтылы тазалап тұруларын түсіндіріп, өрт қауіпсіздігін сақтау, улы газбен уланудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшалары таратты.
Атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілерге (инстаграм, ВК, фейсбук), парақшаларда жарияланып, халыққа түсіндірме жұмыстарын арттыру мақсатында ұсынылып келеді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар апта сайын ұйымдастырылып жатыр.