ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ!

15 ақпанда Түркістан облысының таулы аудандарында 16-17 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі, таулы аудандарда арты қарға ауысады. 15-17 ақпанда облыстың оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстік таулы аудандарында көктайғақ күтілуде. Бұл туралы Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде батысында, оңтүстік таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с кей уақыттарда 23 м/с жел күтіледі.

Қауіп кезінде және құтқару іс-шараларын жүргізу қажеттілігінде 101, 112 телефондарына хабарласыңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған